Бөлімдер

Психологиялық қызмет

Ақпарат

Университетімізде штаттық психолог жұмыс істейді. Психологиялық қызмет «Тұран-Астана» университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тәрбие жұмысы жүйесіне кіреді.

Психологтың қызметі студенттердің психикалық және тұлғалық дамуына қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдай жасауға, университет ұжымында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға және білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына кешенді психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған.

Психолог жұмысының негізгі мақсаты:
 — студенттерге келесі бағыттар бойынша уақтылы, кешенді, тұлғаға бағытталған психологиялық көмек көрсету:

  • тұлғалық даму

  • оң әлеуметтену

  • кәсіби қалыптасу

  • өмірлік өзін-өзі анықтау

Психологқа келесі мәселелер бойынша жүгінуге болады:

1. Оқудағы қиындықтар
 Егер сізде оқу, зейін, есте сақтау, мотивация немесе оқытушылармен қарым-қатынасқа қатысты қиындықтар болса, психолог себептерін анықтап, шешу жолдарын табуға көмектеседі.

2. Топтағы қарым-қатынас
 Егер сізге адамдармен танысу, қарым-қатынас орнату қиын болса, психолог сізге қарым-қатынас дағдыларын дамытуға көмектеседі.

3. Ата-анамен қарым-қатынас
 Ата-анамен түсініспеушілік, жанжалдар туындаса, психолог өзара түсіністікті жақсартуға көмектеседі.

4. Өмірлік жолды таңдау
 Егер сіз болашағыңызға сенімсіз болсаңыз, психолог мақсаттарыңызды, қызығушылықтарыңызды және қабілеттеріңізді анықтауға көмектеседі.

5. Өзін-өзі дамыту және басқару
 Сіз мақсат қою, уақытты басқару, эмоцияларды реттеу дағдыларын дамыта аласыз, сондай-ақ есте сақтау, зейін және шығармашылық қабілеттеріңізді жетілдіре аласыз.

Психологиялық қызметтің жұмыс уақыты:

  •  Уақыты: 09:00 – 17:00

  •  Телефон: +7 775 312 57 21

  •  Психолог: Ерәділова Аяулым Төлеутаевна

  •  Email: Sharipova04041996@mail.ru

  •  Мекенжай: Ықылас Дүкенұлы көшесі 29а, А403 кабинет