Іс-шараға қатысқыңыз келе ме?
Қатысушы формасын толтыруыңызды сұраймыз. Сіздің қатысуыңызды растау үшін, біз Сізге жақын арада хабарласамыз.
Өте қызық| Дата | 2026 ж. 16 сәу. |
| Санат | Оқиғалар |
«Тұран-Астана» университеті 6В04105 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсының ІІ кезеңі өткізілетінін хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдарға сәйкес өткізіледі. Конкурсты өткізу бойынша базалық жоғары оқу орны болып «Тұран-Астана» университеті (Астана қ.) белгіленген.
Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 13 сәуірге дейін
ІІ кезеңнің өтетін күні: 2026 жылғы 16 сәуір
Конкурсқа қатысу үшін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын 2026 жылғы 13 сәуірге дейін баспа және электронды түрде «Студенттердің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына» деген белгімен мына мекенжай бойынша жіберу қажет:
010000, Астана қ., Дүкенұлы көш., 29
«Тұран-Астана» университеті, «Бизнес-әкімшілік» кафедрасы
Электрондық пошта: d.sugir@tau-edu.kz
Байланыс мәліметтері
Байланысатын тұлға: Сугир Динара Сарсенбайевна
Байланыс телефоны: +7 (747) 717-31-71
ПОЛОЖЕНИЕ о научно-исследовательской работе студентов (НИРС) г. Астана, 2026