Ақпараттық жүйелер
Бакалавриат

Ақпараттық жүйелер
6В06101

Дамыған ақпараттық технологиялардың қазіргі ғасыры еңбек нарығында жаңа талаптар қояды, және бүгінгі күні сұраныстың көшбасшыларының бірі "Ақпараттық жүйелер"мамандығын бітірген IT-мамандар болды.
  • Оқытылу тілдері

    Қазақ тілі, орыс тілі.

  • Оқытылу мерзімі

    Орта білім негізінде – 4 жыл; Техникалық және кәсіптік білім негізде – 3 жыл; Жоғарғы білім негізінде – 2 жыл.

  • Академиялық дәрежесі

    6В06101 - "Ақпараттық жүйелер" білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық - коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр

  • Білім беру бағдарламасының миссиясы

    Компьютерлік технологиялар мен ақпараттық жүйелерді жобалау, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін тұжырымдамалық білім мен инженерлік дағдыларды қолдана білетің, ақпараттық технологиялар бойынша іргелі білімі бар компьютерлік технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау.

  • Бағдарламаға тоқталсақ

    Түлектер әр түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда инженерлер, бағдарламашылар, жүйелік әкімшілер болып жұмыс істей алады және осы салада жұмыс істей алады:

     

    • Ақпараттық жүйелердің әртүрлі компоненттерін және жалпы ақпараттық жүйелерді жобалау және дамыту;
    • Ақпараттық жүйелердің желілік инфрақұрылымын орнату, конфигурациялау және әкімшілендіру;​
    • Ақпараттық жүйелердің дерекқорларын жобалау және әкімшілендіру;
    • Ақпараттық жүйелер мен олардың элементтерін ақпараттық, бағдарламалық, техникалық және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз етуді сүйемелдеу.

Біздің негізгі мақсатымыз-қазіргі заманғы нарықта бәсекеге қабілетті IT саласында мамандар даярлау және студенттерге үздік, жаңа және сапалы білім беру.

Жалғастырсақ:

IT-мамансыз біздің қазіргі өмірімізді елестету қиын. Интернет және веб-технологиялар өндірісті, бизнесті және ғылымды дамытуда маңызды рөл атқарады.

Осы саладағы бакалаврлар экономикалық, басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған. Іс жүзінде кез келген компания бүгінде өз бизнесін автоматтандыруды, ішкі компьютерлік желі бойынша жұмыс істеуді және бөлімшелер мен бөлімдер арасында электрондық түрде ақпаратпен жылдам алмасуды, өнімнің, сатып алудың, өткізілген тауардың есебін жүргізуді қажет етеді. Біздің түлектер дәл осындай міндеттермен айналысады.

Кім мен бола аламың?

  • 1.Инженер-программист (бағдарламашы);
  • 2.Бағдарламашы (веб – шебер, веб-дизайнер);
  • 3. Ақпараттық инфрақұрылым жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік бойынша маман;
  • 4. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман;
  • 5. Есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының технигі;
  • 6. Ақпаратты қорғау жөніндегі техник;
  • 7. Техник-бағдарламашы;
  • 8. Мәліметтер қорының басшысы;
  • 9.Ақпараттық ресурстарды құру және басқару жөніндегі маман;
  • 10. Жүйелік талдаушы.
 
Әдебиет
 

Контакт - центр