«Психология» мамандығына түскіңіз келе ме?
Сұрақтарыңыз болса, өтініміңізді қалдырып, консультанттың Сізге қоңырау шалуын күтіңіз. Сіздің барлық сұрақтарыңызға міндетті түрде жауап беріледі, рахмет!
Сұрақ қоюҚазақ, Орыс
Орта білім негізінде – 4 жыл, Орта кәсіби білім (колледж) негізінде – 3 жыл, Жоғары білім негізінде – 2 жыл
Бағдарламаны аяқтағаннан кейін түлектерге: «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры дәрежесі беріледі.
Біз психология саласында кәсіби мамандар мен көшбасшыларды қалыптастырамыз. Психологиялық білімді өмір сапасын жақсартуға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және тұлғаның кәсіби тиімділігін арттыруға бағытталған нақты құралдарға айналдыру.
Бүгінгі таңда психолог – білім беру, әлеуметтік қолдау және психологиялық көмек салаларында жұмыс істейтін практикалық бағыттағы маман. Оның қызметі тек кеңес берумен шектелмей, келесі бағыттарды қамтиды:
Психолог тұлғаның оқуы, дамуы, бейімделуі және кәсіби қалыптасуы барысында қолдау көрсететін маман болып табылады.

6В03101 - Психология білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
диагностикалық және түзету:
- тұлғаның тыныс-тіршілігіндегі психикалық үрдістерді зерделеудегі психологиялық диагностика;
- кәсіби маңызды ақпаратты жинауды, деректерді өңдеуді және оларды түсіндіруді ұйымдастыру;
- сыналушы тұлғасының жас және даралық -психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, психодиагностикалық зерттеу жүргізеді;
- диагностикалық тексеру қорытындысы бойынша есеп беру құжаттамасын өңдейді, түсіндіреді және ұсынады;
- кәсіби іріктеу, кәсіптік бағдар беру және мамандарды аттестаттау тәжірибесінде бағалау және диагностика рәсімдерін қамтитын сараптамалық-психологиялық қызметті жүзеге асыру;
- түрлі жастағы сенсорлық, сөйлеу, қимыл-қозғалыс және интеллектуалды бұзылыстары бар балаларды тексеру үшін психологиялық - педагогикалық және стандартталған әдістерді таңдау және түрлендіру;
- психологиялық білімді аномалды дамудың әртүрлі формаларын психологиялық түзету және ауытқитын мінез-құлық жұмысында барабар қолдану;
консультативтік:
- жеке және топтық нұсқаларда психологиялық кеңес берудің әртүрлі тәсілдерін сауатты және орнықты қолдану;
- психологиялық алдын алу және психологиялық түзету мәселелері бойынша психологиялық кеңес беру;
- дағдарыс жағдайында қалған адамдарға психологиялық көмек көрсету;
- әртүрлі меншік түрлері мен кәсіби бағыттағы ұйымдарда кеңес беруді ұйымдастыру және өткізу.
оқу-тәрбие:
-оқыту және тәрбиелеу процесін психологиялық сүйемелдеу;
-білім алушыларды дамытуда психотехнологияларды таңдау және пайдалану;
- оқу-білім беру үдерісін ұйымдастыру және өткізу тәсілдерін анықтау;
-жалпы білім беретін, техникалық және кәсіптік оқу орындарында сабақтар мен консультациялар жүргізу;
-білім беру ұйымдарында, тәрбие беру және кәсіптік оқыту, пенитенциарлық мекемелеріндепсихологиялық қызмет;
ғылыми-зерттеу:
- психологияғылымының түрлі салаларында эмпирикалық зерттеулердің жоспарлары мен жобаларын әзірлеу;
-психикалық шындықтың әр түрлі формаларын талдаудың инвариантты зерттеу сызбаларын адекватты қолдану;
-психологиялық зерттеулердің процедурасы мен нәтижелерін әдіснамалық және әдістемелік бағалау;
- адамның әлеуметтік дамуы мен жеке өсуі контексінде оқыту, тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу процестерін ғылыми-психологиялық зерттеу;
ұйымдастыру-басқарушылық:
- кәсіби қызметті жоспарлау және ұйымдастыру;
- өндірістік кәсіпорындар мен бизнес ұйымдарындағы психологиялық қызмет, жұмыс орнында конструктивті әлеуметтік - психологиялық климатты қалыптастыру;
- еңбек өнімділігін арттыруда және өндірістегі тұлғааралық қатынастарды үйлестіруде психологиялық ресурстарды анықтау және тиімді пайдалану;
- өндірістік ұйымдарда, профилактикалық және емдеу ұйымдарында, пенитенциарлық мекемелерде кәсіби қызметті психологиялық қамтамасыз ету;
мәдени-ағартушылық:
- психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау;
- белгілі бір адамдар контингентін олардың өзекті қажеттіліктері мен сұраныстарына сәйкес келетін психологиялық біліммен таныстыру;
- психологиялық ақпаратты қабылдауды жеңілдететін, психологиялық білімге қызығушылық тудыратын, оларды өмірде пайдалану қажеттілігін қалыптастыратын ағарту формаларын таңдау мен жүргізу.
Неліктен бұл бағдарламаны таңдау керек
Бағдарлама психология саласында заманауи кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға және адамдармен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Студенттер теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды меңгереді.
Бағдарлама түлектері магистратурада оқуын жалғастырып, психология саласында ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса алады.
«6В03101 – ПСИХОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ПІКІР бакалавриаттың «6В03101 – Психология» білім беру бағдарламасына
ПІКІР бакалавриаттың «6В03101 – Психология» білім беру бағдарламасына
Пікір 6В03101 – «Психология» білім беру бағдарламасының элективті пәндер каталогына (бакалавриат, 2026 жылғы қабылдау) «Психология және әлеуметтік ғылымдар институты»