Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер
Кафедра

Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер

Тұран-Астана университеті студенттері мен магистранттарының жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлықтың жоғары деңгейін, нарықтық орта мен инновацияларға бейімделу, әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның интеграциясы жағдайында өзін-өзі жүзеге асыруға қабілеттілігін қамтамасыз ету – біздің кафедраның миссиясы болып табылады.

Кафедраның мақсаты – болашақ мамандардың кәсіби және әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру, сонымен қатар озық академиялық идеяларды насихаттау, білім беру және рухани әлеуеті жоғары бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

 

 

Кафедраның міндеттері:

• студенттер арасында мамандықтар бойынша оқуын жалғастыру үшін қажетті құзыреттер мен дағдыларды қалыптастыру;

• оқу үдерісіне жаңа білім беру технологияларын енгізу мен пайдалану және оқытудың сапасын қамтамасыз ету;

• кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми әлеуетін дамыту;

• университетті қайта құру жағдайында педагогикалық шеберлікті және біліктілікті арттыруды жетілдіру;

• білім алушыларды интеллектуалдық және ғылыми-зерттеу  қызметтер аясына тарту;

• студенттерге рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

 

«Әлеуметтік, гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасының философиясы жаңашылдыққа, шығармашылыққа және жоғары сапаға ұмтылуға негізделген. Біз жаңа тұжырымдамаларды әзірлеу мен зерттеу қызметін ынталандырамыз, сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың тез өзгеретін және дамып жатқан салаларында табысты мансап үшін қажетті практикалық дағдыларды үйретеміз. Біздің мақсатымыз – заманауи сын-қатерлер мен аспектілерді ескере отырып, әлеуметтік және гуманитарлық салалардың дамуына елеулі үлес қоса алатын көшбасшыларды дайындау. Кафедра бакалавриаттың 3 білім беру бағдарламасы, магистратураның 3 білім беру бағдарламасы (ғылыми-педагогикалық бағытта) бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асырады.

Бакалавриат (3 білім беру бағдарламасы):

 

ОС коды және атауы

  1.  

6В03101 - «Психология»

  1.  

6В02301 - «Аударма ісі»

  1.  

6В02302 – «Филология» (2022-2023 жж.)

 

Магистратура (3 білім беру бағдарламасы – ғылыми-педагогикалық бағытта):

  1.  

7М01101

Педагогика және психология

  1.  

7М01702

Қазақ тілі мен әдебиеті

  1.  

7М01101

«Білім берудегі менеджмент»

 

Әлеуметтік, гуманитарлық және тілдік пәндер кафедрасының ғылыми-педагогикалық әлеуеті жоғары. Қазіргі уақытта кафедраның ғылыми-педагогикалық әлеуеті: 6 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 5 PhD докторы, 28 магистр. Кафедраның білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын барлық оқытушылар өз біліктіліктері бойынша оқу профиліне сәйкес келеді және жоғары ғылыми-педагогикалық біліктілікке ие. Кафедра оқытушылары тарих, мәдениеттану, педагогика, психология, әлеуметтану, филология, философия салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Кафедра заманауи әлемнің сын-қатерлеріне тиімді төтеп бере алатын және әлеуметтік қызметтің сан алуан салаларына үлес қосу үшін әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша терең білімі бар, сонымен қатар тілдік дағдылары бар мамандарды дайындайды.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2023-2024 жылдарға арналған қаржыландыруы аясында ӘГжТП кафедрасының оқытушылары, профессор Абишева К.М., профессор Айкенова Р.А., доцент Өмірзақова Л.А., Иманқұл А.Н. «Когнитивтік-этикалық лингвистикалық синергетика – жаңа гуманитарлық білімнің тәсілдері, принциптері, әдістері арқылы өткен дәуірдегі адамдар мен ойшылдардың этникалық концептуалды саласын зерттеу» тақырыбы бойынша грант жеңіп алды.

Кафедра меңгерушісі:

Донбаева Айнұр Бекетовна

доцент, филология ғылымдарының кандидаты

Кабинет 219, телефон 8(7172) 39-81-18

Кафедра миссиясы

Гуманитарлық білім берудің заманауи талаптарына жауап беретін, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті қазақ тілі және әдебиеті мамандарын кәсіби даярлау.

Оқытушылар құрамы

Иргебаева Н.М
Иргебаева Н.М

Доцент

Абишева К.М
Абишева К.М

профессор

Мухлисов Н.К
Мухлисов Н.К

профессор

Айкенова Р.
Айкенова Р.

Профессор

Колумбаева З.Е.
Колумбаева З.Е.

профессор

Омарова С.К
Омарова С.К

Рахимбаева Г.К.
Рахимбаева Г.К.

Абильдина Асия Бахытовна
Абильдина Асия Бахытовна

Нухай Толғанай Насихатқызы
Нухай Толғанай Насихатқызы

Маликов Дастан Каиргельдиевич
Маликов Дастан Каиргельдиевич

ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Қабылдау комиссиясы

+7 (700) 139-51-10 Біз Сіздің қоңырауыңызды асыға күтеміз! 117