Магистратура

Білім берудегі менеджмент
7M01104

«7М01104 – Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасы басқарушылық құзыреттері бар, білім беру ұйымдарын тиімді басқарып, олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ете алатын мамандарды даярлауға бағытталған.
  • Оқытылу тілдері

    Қазақ, орыс

  • Оқытылу мерзімі

    Магистр образования по специальности «7M01104 - «Менеджмент в образовании»; 2. Научно-педагогическое направление — Магистр педагогических наук по специальности «7M01104- «Менеджмент в образовании».

  • Академиялық дәрежесі

    "7М01104 – Білім берудегі менеджмент" білім беру бағдарламасы магистратура түлегіне ғылыми-педагогикалық бағытта педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.

  • Білім беру бағдарламасының миссиясы

    Бағдарламаның миссиясы – білім беру саласында басқарушылық қызметті тиімді жүзеге асыра алатын, стратегиялық ойлау қабілеті дамыған, заманауи басқару технологияларын меңгерген және білім беру ұйымдарының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама білім алушылардың көшбасшылық қабілеттерін, инновациялық ойлауын және кәсіби жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.

  • Бағдарламаға тоқталсақ

    Мансаптық мүмкіндіктер

    «7М01104 – Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасының магистрі келесі салаларда қызмет атқара алады:

    • әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарында (мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік, жоғары және қосымша білім беру мекемелері);
    • коммерциялық және коммерциялық емес, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру ұйымдарында басқару аппаратында немесе орындаушы қызметтерде;
    • ҚР Білім министрлігі және білім беруді басқару органдарында;
    • білім беру жүйесін басқаруға байланысты ғылыми-зерттеу ұйымдарында.

    Магистр келесідей лауазымдарды иелене алады:
    – білім беру мекемесінің басшысы
    – әртүрлі білім беру ұйымдарындағы басқарушы лауазымдар
    – білім басқармасы органдарының маманы
    – білім басқармасы органдарының басшысы

     

    Бітірушінің кәсіби қызмет саласы

    - заманауи білім беру ұйымдарын басқару;
    - оқу орындарының құқықтық және экономикалық қызметін бақылау;
    - білім беру ұйымының даму стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру;
    - білім беру жүйесіндегі инновациялық процестерді басқару;
    - білім беру ұйымының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тұрақты дамуін қамтамасыз ету;
    - білім беру қызметтерін нарықта тиімді ілгерілету және ұйымның брендін қалыптастыру;
    - бюджет, ресурстар және инфрақұрылымды тиімді басқару;
    - командалық жұмысты ұйымдастыру, коммуникацияны дамыту және қақтығыстарды басқару;
    - көшбасшылық әлеуетті дамыту және жүзеге асыру.

     

    Кәсіби қызмет түрлері

    Бағдарлама магистрі келесі қызмет түрлерін жүзеге асыра алады:
    – ұйымдастырушылық қызмет (білім беру процесін жүйелеу және үйлестіру);
    – жетекшілік қызмет (мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыру және орындаушыларға жеткізу);
    – басқарушылық қызмет (талдау, болжау және білім беру жүйесінің дамуын қамтамасыз ету).

     

    Бағдарламаның мазмұны (негізгі бағыттар)

    1. Басқарудың теориялық негіздері
      Менеджменттің негізгі тұжырымдамалары мен модельдерін меңгеру, білім беру саласындағы басқару әдістерін талдау.
    2. Білім беру ұйымдарын басқару
      Ұйымдық құрылым, персоналды басқару, қаржылық менеджмент және бюджеттеу.
    3. Маркетинг және стратегиялық жоспарлау
      Білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, стратегиялық жоспарлау және даму.
    4. Білім сапасы және бағалау
      Білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау және жетілдіру.
    5. Білім берудегі этика және заңнама
      Білім беру саласындағы құқықтық және этикалық мәселелер.
    6. Инновациялар мен технологиялар
      Заманауи білім беру технологияларын енгізу және пайдалану.
    7. Практикалық тәжірибе
      Тағылымдамалар мен практикалық жұмыстар арқылы кәсіби дағдыларды дамыту.

     

Жалғастырсақ: