Магистратура

Business Management
7MBA04118

  • Оқытылу тілдері

    Қазақ, орыс

  • Оқытылу мерзімі

    2 жыл

  • Академиялық дәрежесі

    Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA)

  • Білім беру бағдарламасының миссиясы

    Стратегиялық ойлауға, көшбасшылық құзыреттерге және бизнесті басқарудың практикалық дағдыларына ие, цифрлық экономика, жаһандық бәсекелестік және сыртқы ортаның динамикалық өзгерістері жағдайында тиімді жұмыс істей алатын жаңа буын басқарушыларды даярлау.

  • Бағдарламаға тоқталсақ

    «7M04118 – Business Management» білім беру бағдарламасының мақсаттары

    Стратегиялық басқару, жаһандық бизнес-процестерді жобалау, цифрландыру жағдайында ұйымды трансформациялау, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттер саласында заманауи құзыреттерге ие жоғары және орта буын менеджерлерін даярлау, ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерін тиімді басқаруға қабілетті мамандар қалыптастыру.

    «7M04118 – Business Management» білім беру бағдарламасы түлектерінің біліктіліктері мен лауазымдары

    Бұл бағдарлама түлектері әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарда және экономиканың түрлі салаларында экономикалық, басқарушылық, кәсіпкерлік және коммерциялық қызметті жүзеге асыруға дайын.

    Мүмкін болатын лауазымдар:

    -Ұйым директоры (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы директор)

    -Басқару аппаратының түрлі қызметтеріндегі басшылар немесе мамандар

    -Топ-менеджер

    -Бизнестің әртүрлі салаларындағы басшы

    -Орта және жоғары буын басшысы

    -Жалпы мәселелер жөніндегі директордың орынбасары (әкімшілік директор)

    -Жоба тобының жетекшісі және/немесе жоба менеджері

    -Басқару және стратегия жөніндегі кеңесші

Жалғастырсақ:

 

Білім беру бағдарламасының даму жоспары

Әдебиет

Электрондық ресурстар - жалпы білім беру пәндері
Электрондық ресурстар