«Білім берудегі менеджмент» мамандығына түскіңіз келе ме?
Сұрақтарыңыз болса, өтініміңізді қалдырып, консультанттың Сізге қоңырау шалуын күтіңіз. Сіздің барлық сұрақтарыңызға міндетті түрде жауап беріледі, рахмет!
Сұрақ қоюҚазақ, орыс
Магистр образования по специальности «7M01104 - «Менеджмент в образовании»; 2. Научно-педагогическое направление — Магистр педагогических наук по специальности «7M01104- «Менеджмент в образовании».
"7М01104 – Білім берудегі менеджмент" білім беру бағдарламасы магистратура түлегіне ғылыми-педагогикалық бағытта педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.
Бағдарламаның миссиясы – білім беру саласында басқарушылық қызметті тиімді жүзеге асыра алатын, стратегиялық ойлау қабілеті дамыған, заманауи басқару технологияларын меңгерген және білім беру ұйымдарының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама білім алушылардың көшбасшылық қабілеттерін, инновациялық ойлауын және кәсіби жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.
Мансаптық мүмкіндіктер
«7М01104 – Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасының магистрі келесі салаларда қызмет атқара алады:
Магистр келесідей лауазымдарды иелене алады:
– білім беру мекемесінің басшысы
– әртүрлі білім беру ұйымдарындағы басқарушы лауазымдар
– білім басқармасы органдарының маманы
– білім басқармасы органдарының басшысы
Бітірушінің кәсіби қызмет саласы
- заманауи білім беру ұйымдарын басқару;
- оқу орындарының құқықтық және экономикалық қызметін бақылау;
- білім беру ұйымының даму стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру;
- білім беру жүйесіндегі инновациялық процестерді басқару;
- білім беру ұйымының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тұрақты дамуін қамтамасыз ету;
- білім беру қызметтерін нарықта тиімді ілгерілету және ұйымның брендін қалыптастыру;
- бюджет, ресурстар және инфрақұрылымды тиімді басқару;
- командалық жұмысты ұйымдастыру, коммуникацияны дамыту және қақтығыстарды басқару;
- көшбасшылық әлеуетті дамыту және жүзеге асыру.
Кәсіби қызмет түрлері
Бағдарлама магистрі келесі қызмет түрлерін жүзеге асыра алады:
– ұйымдастырушылық қызмет (білім беру процесін жүйелеу және үйлестіру);
– жетекшілік қызмет (мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыру және орындаушыларға жеткізу);
– басқарушылық қызмет (талдау, болжау және білім беру жүйесінің дамуын қамтамасыз ету).
Бағдарламаның мазмұны (негізгі бағыттар)
