«Есеп және аудит» мамандығына түскіңіз келе ме?
Сұрақтарыңыз болса, өтініміңізді қалдырып, консультанттың Сізге қоңырау шалуын күтіңіз. Сіздің барлық сұрақтарыңызға міндетті түрде жауап беріледі, рахмет!
Сұрақ қоюҚазақ, орыс тілі
Күндізгі – 4 жыл; ОКБ базасында (колледж) – 3 жыл; сырттай оқу бөлімі (колледж базасында) – 3 жыл; сырттай оқу бөлімі (жоғары білім базасында) – 2 жыл.
Экономика және бизнес бакалавры
Бухгалтерлік есеп бакалавры іскер ортада , сол сияқты мемлекеттік құрылымдарда қаржылық ресурстарды талдау және басқару, қаржылық есептілік саласындағы сіздердің білімдеріңіз бен практикалық дағдыларыңызды дамытудың бастапқы платформасы болып табылады. Қазақстандық білім беру стандарттарына сәйкес алынатын дәреже сіздерге іскер ақпарат ортасында басқару, маркетинг, халықаралық бизнес, корпоративтік тұрақтылық , қаржы сияқты пәндерді икемді меңгеруге жағдай жасайды.
Сіз бухгалтерлік есеп саласында қалыптасатын сұрақтарды егжей-тегжейлі талдау мүмкіндігіне ие боласыз. Сонымен қатар өзіңіздің болашақ академиялық және кәсіби құзыреттіліктеріңіздің қалыптасуына септігін тигізетін бухгелтерлік есеп саласындағы ғылыми зерттеулерге қол жеткізе аласыз.
Осы аталған академиялық және кәсіби құзыреттіліктер сіздің кәсіби маман ретінде қалыптасуыңызға, сіздің карьералық өсуіңізге, бухгалтерлік есеп бағытындағы ілгерлемелі зерттеулерді қалыптастыруыңызға септігін тигізеді.
Барлық деңгейдегі курстарды жақсы аяқтағаннан соң студенттер қол жеткізуіне болады:
Бухгалтер:
-бухгалтерлік және салықтық есептің, аудиттің ұйымдастырылуын біледі;
-ұйымның қаржылық қызметінің талдауын жүргізеді;
-қолданбалы бағдарламаларды игереді (1С, SAP,ORACLE), ХҚЕС;
- материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді;
-қаржылық есептілікті құрастыруды біледі;
-бухгалтерлік есепті жүргізе біледі.
Аудитор:
Бұл - компанияның қаржылық және салықтық есептілігінің тексеруін, оның жұмысының қаржылық тиімділігін бағалайтын, айқындалған қателіктерді түзету бойынша басқармаға ұсыныстар мен кеңестер беретін маман.