««Жобалық менеджмент» (ғылыми-педагогикалық бағыт)» мамандығына түскіңіз келе ме?
Сұрақтарыңыз болса, өтініміңізді қалдырып, консультанттың Сізге қоңырау шалуын күтіңіз. Сіздің барлық сұрақтарыңызға міндетті түрде жауап беріледі, рахмет!
Сұрақ қоюОрыс тілі, Қазақ тілі
2 жыл
Жобаларды басқару саласында қазіргі әлемнің жылдам өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдайларына тез бейімделіп, тиімді шешімдер қабылдай алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.
Осы бейіндегі магистрлер әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарда және қызметтің түрлі салаларында экономикалық, басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған.
7М04109 «Жобалық менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің біліктілігі мен лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №22003 бұйрығымен бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес анықталады:
Академиялық дәрежесі: 7М04109 «Жобалық менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі
Мамандық шифры: 7М04109 «Жобалық менеджмент»
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
2023 жылғы қабылдау
Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары