Магистратура

«Есеп және аудит»
7М04113

  • Оқытылу тілдері

    Орыс тілі,Қазақ тілі

  • Білім беру бағдарламасының миссиясы

    Экономиканың нақты секторында есеп регистрлерімен жұмыс істеп, талдау жүргізе алатын, терең ғылыми және педагогикалық даярлығы бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу саласына арналған кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламасын жүзеге асыру.

  • Бағдарламаға тоқталсақ

     

    Қаржы магистрлері бас және жетекші қаржы маманы, қаржы маманы, қаржы директоры, коммерциялық менеджер, қаржылық талдаушы, аудитор немесе ревизор қызметтерін атқара алады: республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда, банктерде, биржаларда, қаржы және сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорларда, ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Ұлттық Банкінде, қазынашылық органдарында, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қызметтерінде, яғни жоғары кәсіби білімді талап ететін лауазымдарда.

    7М04113 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің біліктілігі мен лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-ө-м бұйрығымен бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес анықталады.

    • Бас бухгалтер;
    • Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау жөніндегі экономист;
    • Кассир;
    • Бухгалтер-ревизор;
    • Есепші;
    • Аудитор (ревизор).

    Академиялық дәрежесі: 7М04113 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі

    Мамандық шифры: 7М04113 «Есеп және аудит»

    Оқу түрі: Күндізгі

    Оқу мерзімі: 2 жыл

Жалғастырсақ:

Приём2023

 Білім беру бағдарламасы

 Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары