Магистратура

«Экономика» (бейіндік бағыт) — «Экономика» (бейіндік бағыт)
7М04111

  • Академиялық дәрежесі

    7М04111 «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрі

  • Білім беру бағдарламасының миссиясы

    Экономика саласында ғылыми-зерттеу дағдылары бар, кәсіби өсу мен тұлғалық дамуға ұмтылатын жоғары білікті кадрларды даярлау.

  • Бағдарламаға тоқталсақ

    Осы бейіндегі магистрлер әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарда және қызметтің түрлі салаларында экономикалық, басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға арналған.

    7М04111 «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің біліктілігі мен лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-п-м бұйрығымен бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес анықталады:

    • І санатты экономист;
    • экономикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары (директор, вице-президент, бас экономист);
    • өндіріс жөніндегі директордың орынбасары (директор, вице-президент);
    • бас экономист-талдаушы;
    • халықаралық қатынастар жөніндегі бас экономист;
    • мемлекеттік басқару құрылымдарының түрлі бөлімшелерінің жетекшісі;
    • түрлі меншік нысанындағы және салалық бағыттағы кәсіпорындардың басшысы.

    Академиялық дәрежесі: 7М04111 «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрі

    Мамандық шифры: 7М04111 «Экономика»

    Оқу түрі: күндізгі

    Оқу мерзімі: 1 жыл

Жалғастырсақ:

2023 жылғы қабылдау

 Білім беру бағдарламасы

 Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары