Магистратура

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» (ғылыми-педагогикалық бағыт)
7М04105

7M04105 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» ББ түлектері мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында қызмет атқарады. Олардың біліктілігі ҚР Еңбек министрлігі бекіткен біліктілік анықтамалығына сәйкес анықталады.
  • Оқытылу тілдері

    Орыс тілі , Қазақ тілі

  • Оқытылу мерзімі

    2 жыл

  • Академиялық дәрежесі

    7M04102 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі

  • Білім беру бағдарламасының миссиясы

    Ғылыми-педагогикалық білімі бар, мемлекеттік басқару саласында кәсіби қызметті ғылыми негізде жүзеге асыруға қабілетті магистрлерді даярлау.

  • Бағдарламаға тоқталсақ

    Осы бейін бойынша магистрлер әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарда және қызметтің түрлі салаларында экономикалық, басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға даярланады.

    7M04105 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (ғылыми-педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің біліктілігі мен лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-ө-м бұйрығымен бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес айқындалады.

    «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы түлектерінің біліктілігі мен лауазымдары.

    Қызмет саласындағы бастапқы лауазымдар:

    • орталық және жергілікті басқару органдарының экономистері;
    • мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың басшылары немесе менеджерлері;
    • өндірістік компаниялардың, холдингтердің, қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының басшылары немесе менеджерлері;
    • қаржы-несие секторының басқару құрылымдарындағы экономист-менеджерлер;
    • әлеуметтік сала экономикасы бойынша түрлі деңгейдегі мамандар.

Жалғастырсақ:

2023 жылғы қабылдау

 Білім беру бағдарламасы

 Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары