Магистратура

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» (бейіндік бағыт)
7М04115

  • Оқытылу тілдері

    Орыс тілі, Қазақ тілі

  • Оқытылу мерзімі

    1 жыл

  • Білім беру бағдарламасының миссиясы

    Әлемдік сын-қатерлерге жедел әрекет ете алатын, оларды болжай және басқара алатын кең ауқымды көзқарасы мен стратегиялық ойлауы бар мемлекеттік сектор кадрларын даярлау.

  • Бағдарламаға тоқталсақ

    Осы бейіндегі магистрлер әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарда және қызметтің түрлі салаларында экономикалық, басқарушылық, кәсіпкерлік және коммерциялық жұмыстарды жүзеге асыруға арналған.

    7М04115 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің біліктілігі мен лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-п-м бұйрығымен бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес анықталады:

    • қызмет саласындағы бастапқы лауазымдар:
    • орталық және жергілікті басқару органдарының экономистері;
    • мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың басшылары немесе менеджерлері;
    • өндірістік компаниялардың, холдингтердің, қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының басшылары немесе менеджерлері;
    • қаржы-несие секторының басқару құрылымдарындағы экономист-менеджерлер;
    • әлеуметтік сала салалары экономикасы бойынша түрлі деңгейдегі мамандар.

Жалғастырсақ:

2023 жылғы қабылдау

 Білім беру бағдарламасы

 Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары